"АРДИ"
Мүгедек Балалардың Ата-аналар Қауымдастығы

Біз туралы
Мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығын 1991 жылы желтоқсанда ортақ тағдыр мен балаларына көмектесу ниетімен біріккен ата-аналар тобы құрды.

"АРДИ" - Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға арналған алғашқы ҮЕҰ. Біз мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 745 отбасына, оның ішінде 370-і мүгедектер арбасымен қозғалатын жандарға қамқорлық жасаймыз.

2004 жылы "Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға арналған шығармашылық және физикалық дамыту орталығы" ашылды.

2018 жылы Болат Өтемұратовтың қоры, "Позитив Үміт" қайырымдылық қоры, және "Дом" қорының қолдауымен "БЦСА бар балаларға арналған белсенді оңалту және ерте жастан қолдау
орталығы"ашылды.

Қазақстан үшін бұл орталық - инновациялық орталық. Мұнда Церебральды сал ауруы және тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың үздік әлемдік әдістері мен заманауи тәсілдер, белсенді оңалту және ерте жастан қолдау кешенді түрде енгізілді.

"АРДИ"ұжымы сәтті жүзеге асырылған жобалар арқылы көптеген марапаттарға ие болды.
Біздің жобаларымыз батыл, армандарымыз жарқын, ал біздің тұрақты және жаңа демеушілеріміздің арқасында мүмкіндіктеріміз кеңейе түсті.

Бізді көптеген жылдар бойы қолдап келгендеріңізге рахмет!
Акватория
"Special Art" Шеберханасы
“Тайман” армклубы
"Қолжетімді баспана" жобасы
“Новый МИР” бейне студиясы
“АРДИ Record’s”
дыбыс жазу студиясы
Жобалар

Бізге қолдау көрсетеді

ҚР Президентінің келуі
2019 жылдың 29 қазанында Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы»
қоғамдық бірлестігіне барды.

Алматыға жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы «Мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы» ҚБ-нің церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға арналған қарқынды оңалту және ерте араласу орталығына барды. Орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев оңалту кабинеттерін аралап, қызметкерлермен әңгімелесті. Президентке балалар мүгедектігінің алдын алу, көп деңгейлі оңалту және церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды жан-жақты әлеуметтендіруге бағытталған пилоттық жобаның іске асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Осы жобаның игі мақсаттарын атап өткен Президент мұндай жобаны Республика бойынша кеңейту маңызды екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мұндай мекемелерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және демеушілік қаржы механизмдері арқылы құру қажет. Сапар соңында Мемлекет басшысы Орталыққа арнайы микроавтобус сыйлады.

Жаңалықтар