ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ Денсаулықтыі нығайтуға, қозғалыс органдарының, қан айналымының бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектесе отырып, ОЖЖ жағдайын қалыпқа келтіреді.
Емдік дене шынықтыру дененің әртүрлі жүйелеріне тікелей әсер етеді және осылайша оңалтудың негізгі түрі болып табылады. Балалар топтық және жекелей бөлініп жасайды.
Тексеріс кезінде тағайындалған гимнастикалық жаттығулар мен тренажерлер кешені баламен жекелей емдік шарасымен айналысқанда қолданылады. Диагноздары бірдей емделушілерді және бір жастағы балаларды біріктіре отырып, ары қарай оларғатоптық сабақ өткізеді. Гросс, Швед қабырғасында әр түрлі жаттығулар жасалады. Жамбасында ахау бар балаларға жамбас буынын бекіту үшін SWASH аппараты тағайындалады.
Механотерапия - емдеулік дене шынықтырудың бір түрі, бұл терапияның емдеу әдісі арнайы аппараттар мен жаттығу құралдарында дозаланған ритмдік қайталанатын физикалық жаттығулардан тұрады.
Механотерапия мүмкіндік береді:
- бұлшықеттердің қозғалысын және бекітілуін қамтамасыз ету;
- жалпы жұмыс істеу қабілетін және төзімділікті арттыру;
- қан мен лимфа айналымын жақсарту;
- бұлшықеттер мен буындардағы зат алмасуды жақсарту;
- бұлшықеттер мен буындардың жұмысын қалпына келтіру.