Монтессори педагогикасының басты мақсаты – өзін-өзі бағалайтын еркін және тәуелсіз адамды тәрбиелеу. Монтессори педагогикасының принципі – баланың өз іс-әрекетінде өзін-өзі қалыптастыру. Баланың санасы айналадағының бәрін губка сияқты сіңіреді. Баланың білімі оның биологиялық ритміне, жеке қарқынына сәйкес жүреді.
Монтессори класы бірқатар аймақтарды қамтиды:
- Практикалық өмір сүру аймағы – кішкентай балалар үшін ерекше мәнге ие. Мұнда бала өзін және заттарын бақылауды үйренетін материалдар бар. Бекіткіштер Жақтаулар (түймелер, кнопка, ілгектер, түйреуіштер, шілтерлер және ілгектер) пайдаланып, бала өздігінен киінуді үйренеді; заттарды (күріш, су) құйып,сеуіп үйренеді; үстелді жуып, тіпті күмісті жылтыратып, тазартады;
- Сенсорлық даму аймағы – балаға қоршаған әлемді зерттеу кезінде өз сезімдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұнда бала әртүрлі заттардың биіктігін, ұзындығын, салмағын, түсін, шуын, иісін, пішінін ажыратуды үйрене алады;
- Тілдік, математикалық, географиялық, жаратылыстану ғылымдары аймағының негізгі мақсаты – баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталады.
Көптеген Монтессори мектептері баланың қоршаған ортасын музыкалық, өнер және би, ағаш өңдеу, шет тілін үйретумен толықтырады, бұл баланың жалпы дамуын одан әрі ой-өрісінің дамуына ықпал етеді. Қозғалыс жаттығулары баланы физикалық тұрғыдан дамытады және оның денесін сезінуге және оның мүмкіндіктерін түсінуге көмектеседі.
Тәрбие мен оқытудың міндеттері:
- Әр балаға моториканы, әсіресе саусақтар мен қол бұлшықеттерін дамытуға және нақтылауға мүмкіндік береді. Берілген жаттығуларда қол қимылдарын интеллект жұмысымен байланыстырады.
- Балалардың дене белсенділігі мен дамуында, өз денесін игерудегі жаттығулар жасауға мүмкіндіктерін кеңейтеді.
- Балаларды өз-өзіне қызмет көрсетуге: киіну және шешіну, тарану, киімді түймелеу, қолды жуу, аяқ киімді тазалау, жуыну, үтіктеу және өзіне қызмет көрсетудің басқа да әрекеттерге үйретеді.
- Балаларды қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуде жаттықтырады: қоқыстарды жинау, еденді сыпыру, үстелге қою, гүлдерді оранжирлеу және оларға күтім жасау, жануарларға күтім жасау, өсімдікті отырғызу сияқты әректтерге баулиды.
- Әр балаға өзінің сенсорикасын жеке есту, көру, иіс сезу, жылу сезімін дамытуға мүмкіндік береді:
Баланың мәдени ортаны эстетикалық қабылдау қабілетін, поэтикалық және музыкалық есту қабілетін, түс, пішінді ажырата білуін дамыту.
- Сенсомоторикамен жұмыс жасау арқылы сөйлеуді дамытуға жаттығулар жасау. Сонымен қатар сөздік қорды жетілдіріп, кеңейту.
- Баланың жазу және оқу дағдыларын игеруіне ықпал ету.
- Математиканы оңай шешуді үйрету, ондық жүйеде ойлауды, санау және есептеу дағдыларын дамыту.
- Заттар мен құбылыстардың сипаттамалық маңызды белгілерін байқау, талдау, салыстыру, бөліп көрсету, оларды осы белгілер бойынша топтастыру қабілетін дамыту.
- Балаларға өздерін ғарыштың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік беру. Өмір сүру қарқын сезіндіру яғни, уақытты, тірі және жансыз заттарды ажыратуға, табиғаттың әртүрлі құбылыстары, жер, су, ауа, от сияқты төрт элементпен таныстыру.
- Қазақстан мен басқа елдердің табиғат байлығымен таныстыру. Баланы ынталандырып, таңдану, өзі ашқан жаңалықтарынан ләззат алуды, өз сұрақтарына жауап іздеу қабілетін қалыптастыру.
- Қылқаламмен, бояулармен, қарындаштармен жұмыс жасап, қайшымен кесу, желімдеу, қағазды бүктеу, матамен, ағашпен, табиғи материалмен жұмыс істей отырып, балалардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру.
- Баланың ішкі бостандығы мен тәртібі екі түрлі болуына, оның мінез-құлқында көрініс табатын жағдайына ықпал ету.
- Бала қоршаған әлеуметтік ортада өмір сүруді үйренеді, мұғалімнің міндеті-оған дағдыларды көрсету және басқа адамдармен мәдени қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ұйымдастыра білуі