Сенсорлық бөлме – бұл көру, есту, иіс сезу, жанасу мүшелеріне әсер ететін әртүрлі стимуляторлармен толтырылған ерекше түрде ұйымдастырылған орта.
Сенсорлық бөлмеде жұмыс істеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1. Балалардың эмоционалды-ерікті күйін дамыту және үйлестіру:
- психоэмоционалды шиеленісті жеңілдету;
- өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау;
- өз денесі мен дұрыс тыныс алуды басқара білу;
- өз сезімдерін сөйлегенде жеткізе білу;
- өзін бос ұстап, шиеленістен арыла білуді үйрету;
- жағымды және жағымсыз эмоциялар туралы идеяларды қалыптастыру;
- өзіне деген сенімділікті арттыру.
2. Балалардың коммуникативтілігін дамыту:
- эмпатикалық сезімдерді, бір-біріне эмоционалды және физикалық қолдау көрсетуге деген ұмтылысты дамыту;
- қарым-қатынас мотивациясын қалыптастыру және қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- құрдастарына қатысты жағымсыз эмоцияларды жеңу (агрессиялық күй)
3. Балалардың психикалық процестері мен моторикасын дамыту:
- зейіннің еріктілігі, оның тұрақтылығы және ауысуын дамыту;
- есте сақтау, ойлау, қиял, қабылдау (көру, тактильді, есту), ақыл-ой қабілеттерін дамыту;
- координацияны, оның ішінде мотриканы, көруді дамыту.
Жұмыстың негізгі әдістері: · Ертегі терапиясының элементтерін, импровизацияланған арт-терапиямен жұмыс;
· Психогимнастика
· Қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған ойындар өткізу
· Қабылдауды, есте сақтауды, зейінді, қиялды дамытуға арналған ойындар ойнату
· Рөлдік ойындар
· Релаксация Түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыру
· Жекелей жұмыс жасау
· Топтық жұмыс
Жұмыс әдістері: 1) Түс - жарық терапиясы (түс пен жарық арқылы релаксация)
2) Дыбыс - музыка терапиясы (дыбыстар мен музыканың көмегімен релаксация)
3) Арттерапия (сурет салу)
4) Құм терапиясы
5) Ароматерапия (иістердің адамның жүйке жүйесі мен психикалық жағдайына әсер етуі)