Ата – аналар мектебі

1991 жылдан бастап жұмыс істейміз
Отбасында ерекше баланың пайда болуымен байланысты стресстік жағдайға тап болған ата-аналарға кәсіби мамандар көрсететін кешенді терапия.

Ата-аналарға "неге?", "не үшін?", "не істеу керек?"деген сияқты сұрақтарға жауап табуға, және тығырыққа тірелдім, шешуі жоқ деп ойлаған күйден шығуға көмектеседі.
Жаңа ақпарат алуға, өзінің ойы мен әрекетіне жауапкершілік алып, өзінің және де баланың баға жетпес өмірін өзгертіге тырысу.

  • Ата- аналар мектебінде сабақтар семинарлар түрінде өтеді. Ол 10 сабақтан тұрады, аптасына бір рет, 2.5- 3.5 сағатқа дейін жалғасатын кешенді семинарлар өтеді.
  • Семинарлардың әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты.
  • Сабақ барысында ата –аналар белсенді жұмыс жасайды және өмірге, жақындарына деген көзқарастарын өзгертеді.
Нәтижесінде олар баласының жетістігіне сене бастайды, және баланы да ынталандырады.

Сіздің шексіз мүмкіндіктеріңізге жақын адамдарыңыздың сенімінен күшті ешнәрсе жоқ.

Жаңалықтар