Жылумен емдеу

1991 жылдан бастап жұмыс істейміз
Жылумен емдеу - бұл медициналық парафин мен озокеритті емдік мақсатта қолдану. Парафин-мұнай өңдеу кезінде алынады. Озокерит-арнайы өңделген табиғи қазба. Озокерит пен парафин күшті термиялық, механикалық және биологиялық әсерге ие.

Негізгі терапиялық әсерлері бар:
  • жылумен емдеу:
  • антиспастикалық
  • ауырсынуды басу
  • қабынуға қарсы
  • қан мен лимфа айналымын жақсарту
Емдеуде кюветтік-аппликациялық әдісінің қолданылуы. 100 градусқа дейін қыздырылған парафин мен озокерит әртүрлі мөлшердегі кюветтерге құйылады және 45-50 градус температураға дейін салқындатылады. Баланың денесіне – аяқтарына "етік" түрінде, рефлекторлық аймақтарға, спастикалық бұлшықеттеріне, контрактураларға төселеді. Оның үстіне клеенка мен көрпемен жабылады. Процедураның ұзақтығы 20-30 мин. емдеу курсы 10-15 процедура.

Жылы орамалардың арқасында науқастың жүйке жүйесінің жағдайы жақсарады, бұлшықет тонусының жоғарлауы төмендейді, тірек функциясы мен бұлшықет күші жақсарады, буындардағы қозғалыс көлемі артады.

Жаңалықтар